Аса тартысты өткен матч екі сағат жарымға жуық уақытқа созылды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Пуна қаласында (Үндістан) 18 жасқа дейінгілер арасында ITF сериясы бойынша өткен бірінші санаттағы турнирдің чемпионы атанды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, С.Кенжебаева үндістандық Сухита Маруримен бірге финалда қазақстандықтар Еркежан Арыстанбекова – Жанель Рүстемовамен бас жүлдені сарапқа салды.
Аса тартысты өткен матч екі сағат жарымға жуық уақытқа созылды.
Сандуғаш пен Сухита 6:4, 2:6, 10:8 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.