Турнир кестесіне қарасақ бізге әрбір ұпай ауадай қажет. Қалған кездесулерде тек жеңіске жетпесек. Қола медаль үшін күресе алмауымыз мүмкін.
«Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Кирилл Ковальчук 26 турдағы «Ордабасы» - «Ақтөбе» 0:0 кездесуінен кейін өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ordabasy Pfc Shymkentке сілтеме жасап.
- «Ақтөбе» ұдайы қозғалыстағы тыным көрмейтін мықты команда. Біз оларға қарсы тамаша тактика қолданған едік. Бапкердің нұсқауымен олардың шабуылдағы жолдарын жауып, ойынның тізгінін өз қолымызға алдық. Бірінші кезеңде бірді - екілі шабуылдағаны болмаса, олар айтарлықтай сәтті шабуылдар жасай алмады. Қаншама мүмкіндіктер жасап, гол сала алмау қандай өкінішті. Біз өз алаңымызда жанкүйерлерге жеңіске жетеміз деп мақсат қойғанбыз. Турнир кестесіне қарасақ бізге әрбір ұпай ауадай қажет. Қалған кездесулерде тек жеңіске жетпесек. Қола медаль үшін күресе алмауымыз мүмкін. Ол біздің команданың мақсаты. Бүгін бізге сәттілік серік болмады.