Жылдамдықпен ұшып келген шайба әйелдің бетін жаралап, оған сол мезетте дереу медициналық көмек көрсетілді.
ERNUR.KZ. ҚХЛ чемпионатының кезекті матчында көрермендер арасында отырған әйел жарақат алды, деп жазады zakon.kz.
Оқыс оқиға Қазан қаласындағы "Татнефть Арена" хоккей стадионында орын алды. Жергілікті "Ақ Барс" пен Мәскеуден келген "Динамо" командалары арасындағы ойын кезінде шайба трибунаға ұшып, жанкүйер әйелдің бетіне тиді.
Жылдамдықпен ұшып келген шайба әйелдің бетін жаралап, оған сол мезетте дереу медициналық көмек көрсетілді. Кездесудің өзі 5:4 есебімен "Динамоның" жеңісімен аяқталды.
Фото: championat.com