Қызыл кілемге конькимен шыққан Путин құлап қалды (Видео)

0
1 250

Өзіне 11-номерді таңдаған Ресей Федерациясының президенті қарсылас команданың қақпасына тоғыз шайба соққан.


Қызыл кілемге конькимен шыққан Путин құлап қалды (Видео)

ERNUR.KZ. Жанкүйерлеріне сәлем жолдап жүріп, мұз үстіндегі қызыл кілемге құлағанына қарамастан, Владимир Путиннің командасы текетіресте жеңіске жеткен, деп жазады Qamshy.kz.

"Хоккей аңыздары" бұл матчта "НХЛ құрамасына" қарсы ойнап, 14:7 есебімен жеңіске жетті. Өзіне 11-номерді таңдаған Ресей Федерациясының президенті қарсылас команданың қақпасына тоғыз шайба соққан.

Президентпен бірге аталмыш матчқа Қорғаныс минситрі Сергей Шойгу, белгілі хоккейшілер Вячеслав Фетисов, Павел Буре, Алексей Касатонов, Виктор Шалимов қатысқан.

Сочи қаласындағы "Большой" мұз айдынында өткен кездесуде Владимир Путин Түнгі хоккей лигасының (НХЛ) 8-маусымының аяқталуымен құттықтап, спортшыларға сертификаттар табыстады.

Сондай-ақ, аталмыш лиганың "Әуесқойлар 40+" дивизионында жеңіске жеткен "Скон-Урал" командасы президент қолынан жабық мұз айдынын тұрғызуға сертификат алды.

"Қазір Түнгі хоккей лигасында мыңнан астам команда бақ сынауда. Финалдық бәсекенің өзінде аталмыш турнир 162 команданың басын Сочиде қосты. Бұл – үлкен бәсекелестік. Әуесқойлардың өзі өте керемет ойнайды", - деді мемлекет басшысы.

Марапаттау рәсіміне Путинмен бірге белгілі хоккейші, Түнгі хоккей лигасы ардагерлері кеңесінің президенті Александр Якушев қатысты.