Ол финалда өзбекстандық Шахзод Муззафровты 4:1 есебімен жеңді.
фото: Пресс-служба Казахстанской федерации бокса
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 54 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы болды, деп жазады sputnik.kz.
Ол финалда өзбекстандық Шахзод Муззафровты 4:1 есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, кеше әйелдер арасында бес боксшымыз алтын жеңіп алған болатын. Олар: 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева, 63 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева, 70 келіге дейінгі санатта Наталья Богданова, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлсая Ержан, 81 килограмнан астам салмақта Ердана Талипова.
Чиангмайда (Тайланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты бүгін аяқталады.