Месси әлеуметтік желіде 500 миллион жазылушысы бар әлемдегі екінші адам болды

0
301

36 жастағы футболшы жазылушылар саны бойынша Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының португалдық шабуылшысы Криштиану Роналдудан кейінгі екінші орында тұр.


Месси әлеуметтік желіде 500 миллион жазылушысы бар әлемдегі екінші адам болды

ERNUR.KZ. Аргентиналық «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси Instagram әлеуметтік желісінде 500 миллион жазылушы жинады, деп жазады inform.kz.

36 жастағы футболшы жазылушылар саны бойынша Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының португалдық шабуылшысы Криштиану Роналдудан кейінгі екінші орында тұр. Әлеуметтік желіде оған жазылушылардың саны қазір 622 млн адам.

Instagram желісінде Мессиден кейін ең танымал жұлдыздар тізімінде америкалық әнші Селена Гомес (429 млн), модель Кайли Дженнер (400 млн) және актер Дуэйн Джонсон (396 млн) тұр.

Аргентиналық шабуылшы «Интер Майамиде» 2023 жылдың шілдесінен бері ойнап жүр.