Кәсіби рингте жеңілмеген қазақстандық былғары қолғап шеберлері әлемдік рейтингте жоғары өрледі.
ERNUR.KZ. Кәсіби рингте жеңілмеген қазақстандық былғары қолғап шеберлері әлемдік рейтингте жоғары өрледі, деп жазады sputniknews.kz.
Boxrec.com сайтына сілтеме жасап хабарлағандай, қазақстандық боксшылар Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО), Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) және Константин Брусенский (1-0, 1 КО) Мәскеудегі "Крылья Советов" спорт кешенінде өткен бокс кешінде жақсы нәтиже көрсетіп, рейтингтерін жақсартты.
Жаңабаев төрешілердің шешімімен Арнел Тинампайды ұтып, бірінші орташа салмақ бойынша 98-орынға шықты (бұрын 138-ші болған).
Ал Ербосынұлымен жұдырықтасқан бельгиялық Илиас Ачергуи төртінші раундта кездесуді жалғастырудан бас тартып, нәтижесінде біздің боксшы супер орташа салмақ бойынша 95-ші орыннан 58-ші орынға бір-ақ көтерілді.
Кәсіби рингтегі дебютінде ресейлік Дагир Качакаевті нокаутқа түсірген Брусенский жеңіл салмақ дәрежесінде 1261-ші орында тұр.