Қазақстандық телеарна Токиодағы Олимпиада ойындарын трансляциялайтын болады. Бұған дейін қымбат болғандықтан, бұл құқықты сатып алу мүмкін емес екені хабарланған еді.
ERNUR.KZ. "Хабар" телеарнасы Токиодағы Олимпиада ойындарын тікелей эфирден көрсетеді, деп жазады sputniknews.kz.
"Хабар" агенттігі үшін Олимпиада ойындары әрдайым спорт әлеміндегі маңызды оқиға. Телеарна Олимпиаданы трансляциялауға дайындалып жатыр. Комментаторлар мен тілшілер тікелей эфирлерге әзірлік үстінде", - деді спорттық хабар тарату жетекшісі Асқат Жақаев NS радиосының "SPORT TIME" бағдарламасының эфирінде.
Олимпиада 23 шілде - 8 тамыз аралығында өтеді.
Бұған дейін қымбат болғандықтан, бұл құқықты сатып алу мүмкін емес екені хабарланған еді.