13 - 16 мамыр аралығында Алматы қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер арасында мықтылар турнирі өтті.
ERNUR.KZ. 13 - 16 мамыр аралығында Алматы қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер арасында мықтылар турнирі өтті.
Онда Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ұлдар арасында Бақдəулет Əкімəлі чемпион атанды.
Ал, Ырысбек Артықметов турнирді 3 - орынмен аяқтады.
Қыздар арасында Сарвиноз Мирқадыроваға тең келетін қарсылас табылмады.