ERNUR.KZ. 17 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер лигасының 2 - тур матчтары өтті. Шымкенттің "Ордабасы" клубы өз алаңында Петропавлдың "Қызыл Жар" командасын қабылдады.
ERNUR.KZ. 17 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер лигасының 2 - тур матчтары өтті. Шымкенттің "Ордабасы" клубы өз алаңында Петропавлдың "Қызыл Жар" командасын қабылдады. Бірінші таймда алаң қожайындары жылдам шабуылмен есепті ашу әрекетінде болды. Бірақ, Еркебұлан Тұңғышбаев пен Сергей Хижниченко мүмкіндікті мүлт жіберіп алды.Есесінеғ бірінші болып голды қонақтар салды. Үзіліс алдында "Қызыл Жар" футболшылары есепті аштып, алға шықты. Қарымта шабуылдан соң алыстан Тимур Мульдинов соққы бағыттады. Қақпашы Жасур Нарзиқұлов допты қайтару кезінде қателікке жол берді - 0:1.
Екінші таймда Георги Дерменджиев алаңға өзбекстандық Иван Нагаевты шығарды. Ол Сергей Хижниченконы алмастырды. Бұл өзгеріс "Ордабасы" клубының ойынына елеулі өзгеріс енгізді.
8 - минутта шымкенттіктердің шабуылын тоқтату үшін қонақтардың қорғаушысы ойын тәртібін бұзды. Төреші Григорий Московченко екіленіп отырмай пенальти белгіледі.
11 метрлік айып добын африкалық Абдулай Диакате қатесіз орындап таразы басын теңестірді - 1:1.
Голдан рух алған "Ордабасы" бірнеше рет қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. 66 - минутта Мардан Төлебектің пасынан соң Иван Нагаев соққы бағыттауға әрекет жасады.
Бірақ, қорғаушы Георгий Попхадзе күтпеген жерден автогол иесіне айналды. Қалған минуттарда қақпаларға гол соғылмады. Осылайша, "Ордабасы" өз жанкүйерлерінің алдында қатарынан екінші рет жеңіске жетті - 2:1.
Турдың өзге нәтижелері мынадай:
"Жетісу" - "Астана" - 0:2
"Ертіс" - "Ақтөбе" - 2:1
"Қайрат" - "Атырау" - 2:0
"Тобыл" - "Шахтер" - 0:1