Паралимпиада чемпионы туған жеріне жетті

0
871

25 жастағы спортшыға облыс орталығынан үш бөлмелі пәтер мен су жаңа көліктің кілтін табыстады.


Паралимпиада чемпионы туған жеріне жетті

фото кадрдан алынды

ERNUR.KZ. Давид Дегтярёв туған жеріне жетті. Паралимпиада ойындарының жеңімпазын Көкшетау қаласында достары, туыстары және жанкүйерлер күтіп алды. Чемпионға лайық құрмет көрсетті, деп жазады 24.kz.

25 жастағы спортшыға облыс орталығынан үш бөлмелі пәтер мен су жаңа көліктің кілтін табыстады. Ал Давид болса, жеткен жетістііне тоқмейілсімейді. Атбасар қаласында жаттығу жұмыстарын жалғастырып, алдағы байрақты бәсекелерге дайындаламын дейді.

Айта кетейік, жерлесіміз пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

"Өз үйіме оралғаныма қуаныштымын. Жақын адамдардың қолдауына не жетсін?! Өте ризамын. Бапкеріме және айналамдағы басқа да адамдарға алғысым шексіз", - дейді Давид Дегтярёв, Паралимпиада чемпионы.