Финалда Португалия құрамасы Испаниямен кездесті.
ERNUR.KZ. Футболдан Португалия құрамасы Ұлттар лигасының екі дүркін чемпионы атанды, деп жазады baq.kz.
Финалда Португалия құрамасы Испаниямен кездесті. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында Криштиану Роналду бастаған португалиялықтар 5:3 есебімен басым түсті.
Матчта Испания құрамасы 21-минутта Мартин Субимендидің көмегімен есеп ашса, 26-минутта Нуну Мендеш таразы басын теңестірді. Алғашқы таймның соңғы секундтарында Педридің пасынан кейін Микель Оярсабаль испаниялықтарды тағы да алға шығарды.
Матчтың екінші таймда Испания құрамасы қарқынын бәсеңдетті. Соны тиімді пайдаланған Португалия құрамасы 61-минутта есепті теңестіріп кетті. Голдың авторы – аңыз ойыншы Криштиану Роналду.
Кездесу ары қарай да тартысты өткен. Алайда есеп 120-минутта да өзгеріссіз қалды. Ал пенальти сериясында Испания құрамасының капитаны Альваро Морато мүлт кетіп, кубок Португалия еліне аттанды.