Чемпиондар лигасының жартылай финалы 27/28 сәуір мен 4/5 мамырға жоспарланған.
ERNUR.KZ. Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчында "Пари Сен-Жермен" "Баварияға" есе жіберді, ал "Челси" "Портудан" жеңілді, деп жазады Тengrinews.kz.
Франциялық "ПСЖ" екі матч нәтижесі бойынша мюнхендік "Бавариядан" басым түсіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды.
Парижде өткен қарымта матч қонақтар пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. "Бавария" сапында 40-минутта Эрик Максим Шупо-Мотинг көзге түсті.
Мюнхенде өткен алғашқы матчта париждік клуб 3:2 есебімен жеңген. Осылайша, франциялық команда жартылай финалға сырт алаңда соққан голдарының арқасында шықты.
Осылайша, былтырғы маусымда Чемпиондар лигасында топ жарған "Бавария" биыл титулын қорғай алмады. 2019/20 жылғы маусымдағы турнирдің финалында мюнхендіктер дәл осы "Пари Сен-Жерменді" 1:0 есебімен жеңген еді.
Жартылай финалда "ПСЖ" "Манчестер Сити" (Англия) - "Боруссия" (Дортмунд, Германия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Лондондық "Челси" ширек финалдың қарымта матчында "Портуға" есе жіберді, бірақ екі ойын қорытындысы бойынша жартылай финалға шықты.
Англия мен Португалияда карантин күшейтілгендіктен, ширек финалдың екі ойны да испаниялық Севильядағы "Рамон Санчес-Писхуан" стадионында өтті. Қарымта матчта 1:0 есебімен "Порту" жеңді - 94-минутта Мехди Тареми гол соқты. Бұл ойында алаң иелері ретінде ағылшындар саналды.
Командалар арасындағы бірінші матчта "Челси" 2:0 есебімен жеңген болатын.
Жартылай финалда Томас Тухель командасы мадридтік "Реал" мен англиялық "Ливерпуль" матчының жеңімпазымен кездеседі.
Чемпиондар лигасының жартылай финалы 27/28 сәуір мен 4/5 мамырға жоспарланған.