Ресей суперфиналында жеңіс голын соққан қазақ футболшысы кубокпен басын жарып алды

0
254

Қазақстан құрамасының футболшысы Ресей кубогының финалында "Балтика" командасының қақпасына жеңіс добын соқты.


Ресей суперфиналында жеңіс голын соққан қазақ футболшысы кубокпен басын жарып алды

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 2 маусымы Ресей футболы "Зениттің" алғаш рет RPL, Кубок және Ресей суперкубогын жеңіп алуымен тарихқа енеді. Бұл шараның басты кейіпкерінің бірі Санкт-Петербург клубында ойнайтын қазақ қорғаушысы Нұралы Әліп болды, деп жазады ulysmedia.kz.

Қазақстан құрамасының футболшысы Ресей кубогының финалында "Балтика" командасының қақпасына жеңіс добын соқты. Ол кездесудің 95-ші минутында ерекшеленіп, командасын 2:1 есебімен алға шығарды.

Осылайша, "Зенит " Ресей тарихында алғаш рет бір маусымда үш кубокты жеңіп алды. Бұған дейін Санкт-Петербургтен келген клуб суперкубок пен РПЛ жеңімпазы болған.

Нұралы Әліптің командасы осы жылға дейін бір маусымда екі кубоктан артық ұтқан емес. Қазақстан футболшысының өзі барлық турнирді қоса алғанда, 62-ші матчта Санкт-Петербург командасы үшін алғашқы голын соқты.

Жеңісін тойлау кезінде Нұрәлі Әліп кубокты көтерем деп басын жарып алды. Оған медицина қызметі уақтылы көрсетілді.

Енді Нұрәлі Әліп Әзербайжан мен Арменияға қарсы жолдастық матчтарға қатысу үшін Қазақстан құрамасына келуі тиіс.