Ресей спортшылары ақталды

0
1 333

Спорттық арбитраж соты (CAS) бейсенбі күні Олимпиада ойындарынан өмір-бақи шеттетілген 39 ресейлік спортшының аппеляциялық шағымына шешім шығарды. Шешім сот сайтында жарияланды.


Ресей спортшылары ақталды

(сурет ria.ru сайтынан)

Арбитраж допинг қолданды деп айыпталған 28 ресейлік спортшыны ақтап, тағы он бірінің жазасын жеңілдетті. Халықаралық Олимпиада комитеті Сочи олимпиадасына қатысқан 43 ресей спортшысын допингке қарсы ережелерді бұзғандықтан айыптап, Олимпиада-2014 додасындағы жеңісінің күшін жойған еді. Оған қоса, атлеттерді төрт жылда бір өтетін басты сайыстардан өмір-бақи шеттеткен. Соның салдарынан Ресей Сочидегі Ойындарда 13 медалінен айырылып қалған болатын. Оған келіспеген спортшылар Спорттық арбитраж сотына шағымданған. Арбитраж: Дмитрий Труненков, Алексей Негодайло, Ольга Стульнева, Людмила Удобкина (бобслей), Александр Третьяков, Сергей Чудинов, Елена Никитина, Ольга Потылицына, Мария Орлова (скелетон), Александр Легков, Евгений Белов, Максим Вылегжанин, Алексей Петухов, Никита Крюков, Александр Бессмертных, Наталья Матвеева, Евгения Шаповалова (шаңғы жарысы), Ольга Фаткулина, Алексей Румянцев, Иван Скобрев, Артем Кузнецов (конькимен жарысу), Татьяна Иванова и Альберт Демченко ( шаңғы спорты), Екатерина Лебедева, Екатерина Смоленцева, Екатерина Пашкевич, Татьяна Бурина, Анна Щукина (әйелдер хоккейі) сынды спортшыларды толығымен ақтады. Тағы 11 атлеттің жазасы жеңілдетіліп, оларды тек Пхенчханда өтетін Ойындардан шеттетумен шектелді.