Ресми! Әлімханұлы 26 нокауты бар боксшымен айқасады

0
486

13 мамыр АҚШ-тың Калифорния штатындағы "Стоктон-Аренада" өтетін бокс кешіндегі жекпе-жек 12 раундқа есептелген.


Ресми! Әлімханұлы 26 нокауты бар боксшымен айқасады

ERNUR.KZ. Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі туралы ресми хабарлады. Бұл оның титулды екінші қорғауы болады, деп жазады vesti.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО). 13 мамыр АҚШ-тың Калифорния штатындағы "Стоктон-Аренада" өтетін бокс кешіндегі жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

"Ресми! Чемпиондық титулды екінші рет те сәтті қорғап, қазақ абыройын асқақтату бұйырсын! Әумин!" - деп жазыпты Жәнібек.