Спортшы турнир өткен Францияда қалып қойып, саяси баспана сұрауда.
ERNUR.KZ. Иранның боксшы қызы Садаф Хадем қамауға алынып, сотталып кетуі мүмкін,деп жазады Eurosport.
Оған сондай-ақ ер адамның қол астында жаттығу жасады деген ауыр айып тағылуда.
Иранның кәсіпқой бокс федерациясы жанжалдан қорқып, спортшыдан ат тонын ала қашты: басшылықтың сөзінше, спортшы федерация мүшесі ретінде тіркелмеген, турнирге жеке тұлға ретінде қатысқан.
Хадем – халықаралық турнирде жеңіске жеткен Иранның тұңғыш әйелі. Спортшы турнир өткен Францияда қалып қойып, саяси баспана сұрауда
.