Роналду Манчестер Юнайтедтегі "Спорт алаңының королі" мәртебесінен айырылды

0
635

Роналду клубта жалғыз көшбасшы болған, бірақ кейін оны Каземиро алмастырған.


Роналду Манчестер Юнайтедтегі

ERNUR.KZ. Бразилиялық жартылай қорғаушы Каземиро Манчестер Юнайтедтегі мықтылар рейтингінде португалдық жұлдыз Криштиану Роналдуды басып озды, деп жазады stan.kz.

Daily Star басылымының мәліметінше, Роналду клубта жалғыз көшбасшы болған, бірақ кейін оны Каземиро алмастырған.

"37 жастағы португалдық аңыз ойыншыны "Олд Траффордтағы" әріптестері "Қызыл шайтандардың" басты ойыншысы деп санады, өйткені ол 250 келіге дейінгі салмақты оп-оңай көтеретін. Дегенмен, бір уақытта 30 рет қайталаумен танымал Роналду "Реалдан" Каземиро келгеннен кейін "ойынын жақсартуға" мәжбүр", - деп жазады басылым.

Мәліметке сүйенсек, 30 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы 300 келіге дейін көтеріп, орындықта отырып, командаластарын өзінің керемет күштерімен таң қалдыратын көрінеді. Каземиро Мадридте өзінің физикалық дайындығымен әрі күшімен танымал болды және өзін үнемі Бернабеудегі әріптестеріне қарсы сынады.

"Реал Мадрид" ойыншысы Тони Кроос бұған дейін "Юнайтедке" қандай ойыншыны сатып алып жатқаны жөнінде ескерткен: "Кез келген жағдайда тер төкпеу мүмкін емес еді. Ол бізге тіпті түрік моншасында да босаңсуға мүмкіндік бермейтін", - деп сипаттайды басылым.