Роналдудың ісі бойынша сот отырсы сейсенбіде өтті.
ERNUR.KZ. Мадрид соты туриндік "Ювентус" клубының әрі Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты салық төлемеу ісі бойынша 23 айға шартты түрде соттады және 19 миллион еуро айыппұл салды, деп жазады tengrinews.kz.
Португалиялық футболшыға 2011-2014 жылдары аралғында 5,7 миллион еуро салық төлемегені үшін жауапкершілікке тартылған. Осы уақытта Роналду мадридтік "Реал" сапында өнер көрсеткен еді.
Билікпен келісімге келген Роналду 18,8 миллион еуро және қосымша 375 мың еуро айыппұл төлейді.
Криштиану Роналду мадридтік сот ғимаратынан шыққан уақытта "бәрі де керемет" - деді.
Испанияда егер адам бұрын соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болса, екі жылға дейінгі уақыттың барлығы шартты түрде өтеледі. Роналдудың ісі бойынша сот отырсы сейсенбіде өтті.