Руни АҚШ чемпионатына жол алды

0
1 186

Вашингтон ұжымы атақты футболшының МЛС чемпионатына келе жатқанын видеоролик көмегімен жанкүйерлерге таныстырды.


Руни АҚШ чемпионатына жол алды

ERNUR.KZ. Англияның «Эвертон» клубының шабуылшысы Уэйн Руни АҚШтың «Ди Си Юнайтед» командасына қосылды.

Вашингтон ұжымы атақты футболшының МЛС чемпионатына келе жатқанын видеоролик көмегімен жанкүйерлерге таныстырды. 32 жастағы аяқдопшы жаңа командасының құрамында 9 – нөмірде жасыл алаңға шығатын болады.

Карьерасында Уэйн Руни Англияның бірнеше командасында доп тепті. Ол премьер лигадағы 16 жыл ішінде «Эвертон» мен «Манчестер Юнайтед» клубында өнер көрсеткен еді.