Бұл Қазақстан командасының қоржынындағы 22-ші жолдама.
ERNUR.KZ. Стенд атудан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында «траптан» әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық Сәрсенкүл Рысбекова Олимпиада жолдамасын жеңіп алды деп жазады olympic.kz.
Ол Азия чемпионатында күміс медаль иеленіп, Токио ойындарының лицензиясына қол жеткізді. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша Азия чемпионатында жүлделі үш орынға ие болған спортшыларға жолдама таратылады.
Құрлық додасында алтын медальді ливандық Рэй Бассил еншілесе, қола медальді тайпейлік Ю Ван Лю иеленді. Айта кетелік, бұл Қазақстан командасының қоржынындағы 22-ші жолдама. Бұдан бөлек, Қазақстан командалық сында Азия чемпионы атанды.