Ташкент қаласында Халықаралық семсерлесу федерациясының кезекті Конгрессі сәтті өтті.
Фото: Olympic.uz
ERNUR.KZ. 2027 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте өтетіні белгілі болды, деп жазады inform.kz.
Ташкент қаласында Халықаралық семсерлесу федерациясының кезекті Конгрессі сәтті өтті. Онда Алишер Усмоновтың осы ұйымның басшысы болып тағы да сайланғаны хабарланды.
Сондай-ақ Өзбекстан семсерлесу федерациясының бас хатшысы Гүлнара Саидова Халықаралық семсерлесу федерациясының Атқару комитетінің мүшесі болды.
2027 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстанда өтетіні атап өтілді. Жоспар бойынша жарыс 20-28 шілде аралығында Ташкентте өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін жастар арасындағы Азия ойындары Өзбекстанда өтпейтін болғаны жайлы жазған едік.