Оқиға жастар хоккей лигасындағы "Ақтөбе" - “Qarmet” кездесуінде болған.
Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Теміртаулық “Qarmet” хоккей клубының қақпашысы Алексей Зюзин қақпаға келе жатқан шайбаны тісімен ұстап қалды, деп жазады stan.kz.
Оқиға жастар хоккей лигасындағы "Ақтөбе" - “Qarmet” кездесуінде болған. Теміртаулық клубтың қақпасына кезекті шабуыл кезінде шайба қақпашы дулығасының ішіне кіріп кетеді. Төрешінің ысқырығынан кейін Зюзин дулығасын шешіп, шайбаны тістеп алғанын көрсетті.
Видео әлеуметтік желіде тез таралып, ондаған мың қаралым жинады.
Айта кетейік, 18 жастағы қақпашы ауыстыруды сұрамай, ойынның соңына дейін алаңда болды. Алайда қақпашының мұндай ерлігі де командасын жеңілістен құтқара алмады. Ойында 2:1 есебімен ақтөбеліктер жеңіске жетті.
Қазақстандық жас қақпашы Алексей Зюзин 2006 жылы 29 наурызда дүниеге келген. Биыл ол Jastar Hokei Ligasy турнирінде “Qarmet” үшін 16 ойын өткізіп, соққыларының 90,7 пайызын тоқтатты.
Еске салсақ, 9 қарашада Алматыда өткен бірінші Азия чемпионатында Қазақстан ерлер хоккей құрамасы алтын медальға қол жеткізген еді.