Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарында байдаркамен ескек есуден қола медаль жеңіп алды

0
101

Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 59,688 секундта бағындырды.


Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарында байдаркамен ескек есуден қола медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Бірлік-байдаркамен 500 метрге жарыстың финалында Суханова мәреге үшінші болып жетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 59,688 секундта бағындырды, деп жазады baq.kz.

Қазақстандық спортшы Стелла Суханова байдарка мен каноэде есуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

Бірлік-байдаркамен 500 метрге жарыстың финалында Суханова мәреге үшінші болып жетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 59,688 секундта бағындырды.

Жарыста Қытай өкілі Ван Нань 1:55,999 нәтижесімен жеңіске жетті. Күміс медальді Өзбекстан спортшысы Арина Танатмишева 1:57,769 нәтижесімен иеленді.

23 жастағы Суханова үшін бұл – қазіргі Азия ойындарындағы екінші жүлде. Бұған дейін ол 500 метрлік қашықтықтағы төрттік-байдарканың құрамында қола медаль жеңіп алған еді.