Сурдлимпиада-2022: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

0
680

Бір алтыннан бөлек екі күміс және төрт қола бар.


Сурдлимпиада-2022: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы Бразилияның Кашиас-ду-Суле қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиада-2022-де алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алғашқы алтын медальді ұлттық құраманың қоржынына дзюдошы Еркебұлан Қанафин салды. Финалда 81 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Оңтүстік Кореядан келген Ким Мин-сокты жеңді. Жартылай финалда Канафин Франциядан келген басты фаворит Рафаэль Кубеликті нокаутқа жіберген болатын.

Қазақстан құрамасы Сурдлимпиадада жеті медаль жеңіп алды. Бір алтыннан бөлек екі күміс және төрт қола бар. Медаль көрсеткіші бойынша Қазақстан құрамасы 12-орында, ал Украина көш бастап тұр – 19-6-13.

Күміс медальдарды Әділбек Нұрмұхамед (60 келіге дейін) пен Анна Крамарова (78 келіге дейін), ал қола медальдарды Шаяхмет Қанапиянов (73 келіге дейін), Сабыржан Хапизов (100 келіге дейін), Фериде Қараоғлы (48 келіге дейін) және Дина Ержанова (52) жеңіп алды. Медальдің бәрін Қазақстан құрамасы дзюдо спортынан жеңіп алды.