Ташкентте Азия чемпионаты басталды: Қазақстаннан 8 гимнаст қатысады

0
393

Жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.


Ташкентте Азия чемпионаты басталды: Қазақстаннан 8 гимнаст қатысады

ERNUR.KZ. Бүгін, 2 мамырда Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды. Бұл жарыста Қазақстанның атынан 8 спортшы сынға түседі, деп жазады vesti.kz.

Жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді. Ал, топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко, София Ан бақ сынайды.

Айта кетелік, осы Азия чемпионатында жекелей сыннан 1, топтық жаттығудан 1 олимпиадалық лицензия ойнатылады. Лицензия көпсайыс нәтижесі бойынша беріледі.