Теннис: Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын ұта алмады

0
1 050

Ол аустралиялық Эшли Бартимен күш сынасты.


Теннис: Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын ұта алмады

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен күш сынасты.

Қарсыластар бірінші партияны брейк алмасумен бастады. Бұдан кейін тағы бір брейк жасаған Э.Барти сол басымдылығын сақтай алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте аустралиялық теннисші брейк жасап кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Ақыры ол матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.

Э.Барти ширек финалға шығу үшін әлемнің 12-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс немесе дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған қытайлық Чжэн Сайсайдың біреуімен таласады.

Жүлде қоры 8,3 млн-ға жуық АҚШ долларына бағаланған жарыс 6 қазан күні мәреге жетеді.