Теннисші Жібек Құламбаева Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

0
660

Ол сонымен қатар жекелей сында финалға дейін жетті.


Теннисші Жібек Құламбаева Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Мысыр астанасы Каирда өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп жазады baq.kz.

Жібек Құламбаева сонымен қатар жекелей сында финалға дейін жетті. Жібек италиялық Николь Фоссамен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, германиялық Наталья Седильская – босниялық Анита Хусаричті 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Жартылай финалда турнирдің 2-ракеткалары, болгариялықтар Петья Аршинкова – Гергана Топаловадан басым түсті – 6:0, 6:3. Шешуші бәсекеде қазақстандық-италиялық жұпқа доданың 1-ракеткалары, ресейлік Элина Аванесян – румыниялық Оана Гаврила да қарсы тұрып жарытпады – 6:2, 6:3.

Осылайша Жібек Құламбаева жұптық сында биылғы екінші, спорттық жолындағы сегізінші табысына қол жеткізді. Жекелей сында финалда Жібекке сәл-пәл сәттілік жетіспеді. Бұл жолы Э.Аванесянға 6:3, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Бұдан бұрын Жібек Элинаны өткен жылдың желтоқсанында дәл осы Мысырда ширек финалда ұтқан болатын – 6:3, 6:2.