"Тобыл" Чемпиондар лигасына дайындалу үшін шетелдік маман шақыртпақ

0
631

ҚПЛ-2021 чемпионы атанған команда Чемпиондар лигасында Қазақстан намысын қорғайтын болады.


ERNUR.KZ. Қостанайлық "Тобыл" бас бапкерді ауыстырмақ, деп жазады vesti.kz.

Бұл қызметке Александр Москаленконың орнына шетелдік маман шақыртылмақ.

"Қолда бар ақпарат бойынша, Қостанай облысы басышлығы "Тобыл" ФК бас бапкері қызметіне шетелдік маманды шақырмақ. Нақты айтқанда іздеу үстінде. Бұл УЕФА Чемпиондар лигасы үшін жасалуда. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кез келген еурокубоктың топтық кезеңіне өту ЧЛ арқылы жеңіл екенін түсінеді. Екі раунд өткізсе болды, еурокүзді қамтамасыз етеді. Тіпті бір раунд та үлкен мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Москаленко "Тобылды" 1 тамызда Григорий Бабаян кетісімен жаттықтыра бастады. ҚПЛ-2021 чемпионы атанған команда Чемпиондар лигасында Қазақстан намысын қорғайтын болады.