Төрт медаль: Қазақстан грэпплинген алғашқы әлем чемпионы атанды

0
744

​Грэпплингтен Қазақстан құрамасы алғаш рет ұйымдастырылған әлем чемпионатында топ жарды.


Төрт медаль: Қазақстан грэпплинген алғашқы әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Ыстамбұлда өткен AIGA турнирінде отандастарымыз төрт медаль жеңіп, топтық есепте алғашқы орынды иеленді, деп жазады Stan.kz.

Турнирге Ресей, Украина, АҚШ, Бразилия, Әзірбайжан, Иордания, Түркия, Франция, Ауғанстан, Қырғызстан, Иран және Палестина елдері қатысты. Қазақстан құрамасынан 8 спортшы 7 салмақ дәрежесінде күресті.

Жекелей есепте отандастарымыз төрт медаль жеңді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Самат Айтпанбет пен 83 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Руслан Исраилов алтын медаль иеленді. Ал 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі күрескен Нариман Мыңбаев қола және 76 келіге дейінгі салмақтағы спортшы Османжан Касимов күміс медаль тағынды.

Жарыстың екінші күнінде спортшылар топтық күрес өткізді. Бұл кезеңде қазақстандық спортшылар қарсыластарынан басым түсіп, ¼ финалда Әзірбайжан, жартылай финалда Ресей құрамасын жеңді. Жартылай финалда Османжан Касимов аяғының жарақатына қарамастан, қарсыласын жеңіп,командасын финалға алып шықты.

Финалда Қазақстан құрамасы Украиналық қарсыластарын 4:2 есебімен жеңіп, грэпплингтен тарихтағы алғашқы чемпион атанды.