Бұл Қазақстанда коронавирусты инфекцияның кеңінен таралуына байланысты қабылданған шешім.
ERNUR.KZ. Триатлоннан 3-5 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтанда өтеді деп жоспарланған U19, U23 және Mixed Relay санатындағы Азия чемпионаты өткізілмейді. Бұл Қазақстанда коронавирусты инфекцияның кеңінен таралуына байланысты қабылданған шешім, деп жазады Olympic.kz.
«Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында тұрғандықтан, сондай-ақ, еліміздегі бас санитардың қаулысына сәйкес, ұйымдастыру комитеті Нұр-Сұлтандағы Азия біріншілігін өткізбеу туралы шешім қабылдады. Келесі жылы елдегі эпидахуал тұрақталып, жоспарланған жарыстар мерзімінде өтеді деп сенеміз», - делінген федерацияның хабарламасында.