Түркістан облысы алғаш рет Қазақстан чемпионатында топ жарды
ERNUR.KZ. 3-10 тамыз аралығында Көкшетауда көкпардан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республиксының VII чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Атап айтсақ, 9 команда бақ сынаған доданың ақтық сайысына Түркістан облысының "Құлагер" және Жамбыл облысының "Әулие Ата" көкпар командалары жолдама алған болатын. Финал атына сай тартысты өтіп, онда "Құлагер" командасы 7:4 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды. Осылайша, көкпардан Түркістан облысы алғаш рет Қазақстан чемпионатында топ жарды.
Енді спортшыларымыз 20 - 27 тамыз күндері Петропавл қаласында өтетін жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына дайындықтарын пысықтайды.