Әлеуметтік желіде жарияланған видео төрт миллион қаралым жинап, 1,5 мыңнан аса қолданушы пікір жазған.
ERNUR.KZ. Түркияда төреші "Гиресунспор" - "Кечиоренгюджю" арасындағы кездесуді ойынның11-минутында уақытша тоқтатты. Бұған ауызашар уақыты себеп болған, деп жазады nur.kz.
Қысқа мерзімді үзіліс кезінде қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған футболшылар ауыз ашып, жеңіл тамақтанған.
Шағын үзіліс кезінде футболшылар су ішіп, жеңіл тағамдар жеген. Twitter желісіндегі beIN Sports парақшасында жарияланған видео төрт миллион қаралым жинап, 1,5 мыңнан аса қолданушы пікір жазған.