7,4 балдық жер сілкінісі 6 ақпан күні Газиантеп қаласына жақын маңда болған.
ERNUR.KZ. "Йени Малатьяспор" қақпашысы Ахмет Эйюп Тюркаслан Түркиядағы зілзала салдарынан үйінді астында көз жұмды, деп жазады vesti.kz.
"Біздің қақпашы Ахмет Эйюп Тюркаслан үйінді астында қалып қойып, көз жұмды. Біз сені ұмытпаймыз, тамаша адам еді", - делінген клуб хабарламасында.
Айта кетейік, 7,4 балдық жер сілкінісі 6 ақпан күні Газиантеп қаласына жақын маңда болған. Соңғы мәліметтер бойынша, жойқын табиғат апатынан қаза болғандар саны 5434, ал 32 000 аса адам жарақат алған. Түркиямен шекаралас Сирия елі де жер сілкінісінен ауыр зардап шегіп отыр. Онда кемі 1782 адам қаза болған.