УЕФА президенті Александер Чеферин Астанаға келді

0
337

Сапар барысында Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) кеңсесіне бару жоспарланған.


УЕФА президенті Александер Чеферин Астанаға келді

ERNUR.KZ. Астанаға ресми іссапармен Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферин келді, деп жазады baq.kz.

Сапар барысында Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) кеңсесіне бару жоспарланған. Федерацияның жұмысымен танысып, инфрақұрылым нысандарын аралайды. Сондай-ақ ҚФФ президенті Марат Омаровпен бірқатар маңызды мәселелерді талқылайды.

Еске сала кетейік, Александер Чеферин мен Марат Омаров ақпан айында Ньондағы УЕФА штаб-пәтерінде жолыққан еді. Тараптар Қазақстан футболының дамуы жоспарын талқылап, серіктестікті нығайту бағыттарын анықтады.

Чеферин 2011 жылдан 2016 жылға дейін Словения футбол федерациясының президенті қызметін атқарды. 2016 жылы УЕФА президенті болып сайланды, ал 2023 жылы тағы бір мерзімге қайта сайланды.