Жартылай финалдық жекпе-жекте Руслан Құрбанов Өзбекстан елінің өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңді.
ERNUR.KZ. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері үлкен спортта да жоғары жетістіктер көрсетті, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстандық семсерші, дене шынықтыру және спорт бойынша аға маман ефрейтор Руслан Құрбанов Боготада (Колумбия) өткен қылышпен семсерлесуден беделді Гран-придің күміс жүлдесін иеленді.
Жартылай финалдық жекпе-жекте Руслан Құрбанов Өзбекстан елінің өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңді.
Ақтық сында ол жапондық Акира Коматамен кездесіп, 10:15 есебімен жеңілді. Десек те, жоғары көрсеткіштері арқылы екінші орынға тұрақтады. Қола жүлдені Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон өзара бөлісті.
Дене шынықтыру бойынша аға маман ефрейтор Ерлік Сертай да кәсіби қабілетін танытып, Гран-придің ең мықты он спортшысының қатарына енді. Дода нәтижесінде ол сегізінші орыннан табылды.