WBC Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін кәсіпқой боксшыларды қатаң жазалайды

0
706

Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін кез келген турнир мен олимпиада іріктеу турниріне қатысатын боксшылар екі жылға спорттан шеттетіліп, барлық рейтингтен шығарылады.


WBC Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін кәсіпқой боксшыларды қатаң жазалайды

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) мен Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Токиодағы 2020-Олимпиада ойындарына қатысқысы келетін кәсіпқой боксшыларды қолдау туралы шешім қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ал Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) мұндай бастамаға қарсы екенін жеткізді. Ұйымның мәлімдеуінше, Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін кез келген турнир мен олимпиада іріктеу турниріне қатысатын боксшылар екі жылға спорттан шеттетіліп, барлық рейтингтен шығарылады.

Бұдан бұрын бірнеше мексикалық кәсіби боксшы Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысатынын жариялаған болатын.