Тарихта алғаш рет 120 жігітт пен 118 әйел плей-офф форматында сынға түсуде.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды, деп жазады 24.kz.
Тарихта алғаш рет 120 жігітт пен 118 әйел плей-офф форматында сынға түсуде. Яғни спортшы бір жеңілістен соң жарысты аяқтайды. Аталған сынға Қазақстан атынан Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лаврова қатысып жатыр.
Өкінішке орай, Лаврова алғашқы кездесуде жасөспірімдер Олимпиадасы мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, румыниялық Андрей Драгоманға 3:4 есебімен жол берді.
Ал Ақашева бірінші матчта Панамерика ойындарының чемпионы, Пуэрто-Рико өкілі Даниель Риосты 4:1 есебімен жеңді. Енді Зәуреш Токио Олимпиадасының чемпионы жапониялық Ито Мимамен кездеседі.