Жалғастың UFC-дегі бірінші жекпе-жегі 11 шілде Абу-Дабидегі UFC 251 турнирінде өтеді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC промоушеніндегі жекпе-жегін асыға күтетінін айтты, деп жазады Тengrinews.kz.
Жұмағұловтың әлемнің ең мықты промоушенімен келісімшартқа отырғаны туралы ақпанда белгілі болған еді.
Cпорт порталының мәліметінше, Жалғастың UFC-дегі бірінші жекпе-жегі 11 шілде Абу-Дабидегі UFC 251 турнирінде өтеді. Қазақстандық файтердің қарсыласы - бразилиялық Раулиан Пайва.
"Осы жекпе-жекке өте асықпын", - деп жазыпты Жұмағұлов Instagram желісінде жекпе-жектің афишасын жариялап.