Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысуда.
ERNUR.KZ. Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 классында найза лақтырудан 41,83 м қашықтықты көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды, деп жазады baq.kz.
Екінші орындағы Камерун спортшысы 40,93 м нәтижесін көрсетсе, үшінші орын 32,71 м көрсеткішімен Маврикий спортшысына бұйырды.
Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубай қаласында өтуде. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысуда.