Жүзуден Қазақстан құрамасы халықаралық жарыстан үш медаль жеңіп алды

0
703

Әділбек Мусин тиісті қашықтықты 00.52.72 уақытта жүзіп өтіп, алтын медаль жеңіп алды.


Жүзуден Қазақстан құрамасы халықаралық жарыстан үш медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Литвада жүзуден халықаралық турнирдің финалдық кезеңі өтті. Қазақстан құрамасы бүгін үш медаль жеңіп алды, деп жазады olympic.kz.

Ерлер арасында 100 м қашықтықта батерфляй әдісімен, әйелдер арасында 50 метрде еркін стиль және ерлер арасында 200 м қашықтықта арқамен жүзу бойынша жеңімпаздар анықталды.

Өз кезегінде Әділбек Мусин тиісті қашықтықты 00.52.72 уақытта жүзіп өтіп, алтын медаль жеңіп алды. Варакин Александр 00.22.57 уақытта бағындырып, жарыста топ жарды. Ал әйелдер арасында Анастасия Резванцева 02.21.93 көрсеткішімен екінші болды.