Алматыда Сәтбаев шыңынан түскен үш қыз адасып кетті

0
195


Алматыда Сәтбаев шыңынан түскен үш қыз адасып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда биіктігі 4 317 метр болатын Сәтбаев шыңынан түсу кезінде үш қыз адасып қалған. Қараңғы түскендіктен, олар сапарды өздігінен жалғастыра алмаған, деп жазад Zakon.kz.


Топтың орналасқан жері туралы ақпарат құтқарушыларға түскен. Геолокация деректері арқылы мамандар қыздардың нақты координаттарын жедел анықтап, оларды қарсы алуға аттанған. Бұл туралы 2026 жылғы 30 тамызда Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Құтқарушылар туристерді тауып, қауіпсіз бағытпен "Эдельвейс" туристік базасының шлагбаумына дейін алып барған.

Қыздарға медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылар оларды қауіпсіз аймақта тиісті адамдарға тапсырған.