ERNUR.KZ. Ұрланған әшекейде 600-ден астам бриллиант бар, деп жазады baq.kz.
Венада полиция музейден 4 миллион доллардан асатын бағалы алқаны ұрлаған екі күдіктіні іздестіріп жатыр. Бриллианттармен көмкерілген платина әшекейі Мысырдың бұрынғы корольдік отбасына тиесілі болған.
Оқиға Венадағы Қолданбалы өнер музейіндекүндіз болған. Полицияның мәліметінше, екі ер адам көрмеге келушілер ретінде кіріп, кейін әйнек витринаны сындырып, алқаны алып кеткен.
Ұрланған әшекейде 600-ден астам бриллиантбар. Ол француздың әйгілі зергерлік бренді Van Cleef & Arpelsтарихына арналған көрмеде қойылған. Көрме музейде қыркүйек айына дейін жалғасуы тиіс болған.
Вена полициясы бейнебақылау камераларына түскен екі күдіктінің суретін жариялады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олардың бірінде атыс қаруы болуы мүмкін. Алқаны қолды еткен күдіктілер музейден шығып, Венаның оңтүстігіндегі қалалық саябақ бағытына қарай қашқан.
Музейдің бас директоры Лилли Холляйн болған оқиға қызметкерлерді қатты алаңдатқанын айтты. Оның сөзінше, көрме алдында музей мен Van Cleef & Arpels компаниясы арнайы қауіпсіздік жоспарын әзірлеген.
Қазір полиция күдіктілерді анықтап, ұрланған бағалы әшекейді табу бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


