Непалдағы су тасқыны: Қаза тапқандардың саны 750-ге жетті

0
178


Непалдағы су тасқыны: Қаза тапқандардың саны 750-ге жетті

Фото: AP Photo / Niranjan Shrestha
ERNUR.KZ. Непал мен Тибет шекарасындағы су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 750 адамға жетті. Оның 16-сы – Тибеттен, деп жазады Stan.kz.

Ел үкіметі жариялаған соңғы ақпаратқа сәйкес, Непалдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 750 адамға жетті, 2 498 адам хабар-ошарсыз кетті, оның ішінде 589-ы – шетелдіктер.

Барлық зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Іздестіру-құтқару және гуманитарлық операцияларды жүргізу үшін 19 895 қауіпсіздік күштерінің қызметкері жұмылдырылды. Олардың қатарында Непал армиясының 8 399 әскери қызметшісі, 7 213 полиция қызметкері және Қарулы полиция күштерінің 4 203 қызметкері бар.

Билік өкілдерінің дерегінше, қазір күштік құрылымдар 8 186 адамды құтқарды.

“Біз су тасқынын бақылау қызметінен СМС-хабарлама алдық. Бізге екінші толқынның жақындап келе жатқаны туралы ескертті. Өзеннің жоғарғы ағысында кептеліс түзіліп, ол бұзылған, енді су ағыны біздің бағытқа келе жатыр. Бізге дереу қауіпсіз жерге кетуді айтты, сондықтан біз жоғарырақ көтерілдік”, – деді Дхадинг округінің тұрғыны Атма Шрестха.

Қайтыс болғандардың көп болуы қаза тапқандардың жеке басын анықтауға тырысып жатқан билік үшін үлкен қиындық тудырып отырғаны атап өтілді. Аты-жөні анықталмаған мәйіттерді сақтау және сәйкестендіру рәсімін жүргізу үшін әр түрлі аудандардағы 21 ауруханаға жіберілді.