500 мың теңгелік қуыршақ бала сату туралы қауесет тудырды: полиция не анықтады

0
269

Полиция тексерісінен кейін бала сату туралы ақпарат расталмады.


500 мың теңгелік қуыршақ бала сату туралы қауесет тудырды: полиция не анықтады

Фото: instagram.com/almaty.police

ERNUR.KZ Алматыда қуыршақ сату туралы күмәнді хабарландыру жұртты дүрліктірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде бағасы 500 мың теңге болатын қуыршақтың сатылымға қойылғаны туралы ақпарат тараған. Хабарландырудағы әдеттен тыс баға мен оның мазмұны желі қолданушыларының күдігін туғызды. Олар қуыршақ сатудың тасасында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деп болжаған.

Алматы полициясы аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп, жарияланым авторын анықтады.

«Хабарландыруды психоневрологиялық есепте тұрған ер адам жариялағаны анықталды. Бұл ретте оның адам саудасына, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы барын растайтын қандай да бір деректер табылған жоқ. Осылайша, баланың сатылуы мүмкін деген ақпарат расталмады. Жарияланымда шынымен де қуыршақ сату туралы айтылған», – деп мәлімдедә полиция.