СТУДЕНТТЕРГЕ арналған ТРЕНДТЕГІ табыс көздері

0
267

Бүгінгі таңда студенттер үшін қосымша табыс табудың көптеген тиімді жолдары бар


СТУДЕНТТЕРГЕ арналған ТРЕНДТЕГІ табыс көздері

Студенттік өмір тек оқумен шектелмейді. Бұл кезең жаңа мүмкіндіктер мен қаржылық тәуелсіздікке жол ашады. Қазіргі таңда кез келген студент өзіне ыңғайлы жұмыс тауып, қосымша табыс таба алады. Мұндай жұмыстар тек ақша табуға емес, сонымен қатар болашақ мансап үшін маңызды қабілеттерді меңгеруге көмектеседі. Бұл кезеңде қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу көпшілік үшін маңызды. Бүгінгі таңда студенттер үшін қосымша табыс табудың көптеген тиімді жолдары бар. Бұл табыстар тек материалдық жағдайды жақсартып қоймай, мансаптық дағдыларды дамытуға және өзін танытуға да мүмкіндік береді. Егер сіз білім алып жүріп, қосымша табыс көзін іздесеңіз, төмендегі идеялар сіз үшін пайдалы болуы мүмкін.



ФРИЛАНС

Фриланс студенттер үшін ең қолжетімді және икемді жұмыс түрі болып табылады. Сіз өз қабілетіңізге қарай графикалық дизайн, мәтін жазу, бағдарламалау сияқты түрлі жобаларда жұмыс істей аласыз. Бұл білім алу мен табыс табуды қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Жобаларыңызды кез-келген әлеуметтік желі арқылы сата аласыз. Яғни дәл қазір қолыңыздан не келеді? Сол ұызмет түрлерін ұсынып көріңіз. Мысалы: эссе жазу, репетитор болу, логотип жасау, баннер жасау, видео түсіру, веб сайт жасау деген сияқты. Табысы: Жобаға байланысты 10 мыңанан 100 000 мың теңгеге дейін 1 жоба үшін алуға болады.




ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ (СММ)

Әлеуметтік желілер қазіргі заманның ең тиімді жарнама алаңдарына айналды. Компаниялар мен жеке брендтерге аудитория жинауға көмектесіп, табыс табуға болады. Мысалы: посттар мен сторилер жасау, жарнама науқандарын ұйымдастыру (таргет), әлеуметтік желі парақшаларының аналитикасын жасау. Бұл табыс түрі де қазір актуалды әрі табысы мол нишалардың қатарына жатады. Әр парақша үшін айына 100 000- 300 000 тг аралғында алуға болады.



ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ЖЕКЕ ӨНІМДЕР САТУ

Егер сіз шығармашылық адам болсаңыз, өз қолыңызбен жасалған бұйымдар немесе жеке өнімдер арқылы табыс таба аласыз. Мұндай жұмыстарды интернет арқылы оңай сатуға болады. Мысалы: әшекейлер жасау, киімдерге сурет салу, табиғи косметика, сабын, түрлі дизайнда шамдар жасау. Тауар саны мен сұранысына байланысты сатуға болады.



ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ КӨЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ

Егер сізде бос уақыт болса, жеткізу қызметінде жұмыс істеу – тұрақты табыс көзі. Бұл қызметті орындау оңай және арнайы тәжірибені талап етпейді. Мысалы: Glovo, Яндекс Еда сияқты платформаларда жұмыс істеу. Егер көлігіңіз болса, тіпті жақсы. Табысы: Күніне 5 000 – 15 000 теңге.



ОНЛАЙН ТАУАР САТУ

E-commerce – қазіргі заманның трендтері. Интернет арқылы тауарларды сатып алып, қымбат бағада сату арқылы пайда табуға болады. Мысалы: Amazon, OLX арқылы сауда жасау. Арнайы платформаларда киім, электроника, аксессуарлар сатуға болады.Табыс: орташа есеппен айына 50 000 – 500 000 теңге.