2026 жылдың көктемінде қандай сән үлгілері және қандай түстер трендте болатынын біле жүріңіз.
фото: ru.pinterest.com
Көктем жылудың, жаңа өмірдің және түстердің қайта оралуы. Көктемгі сән табиғаттың оянуымен бірге жаңарады.
Бұл өзін құрметтейтін, өзін жақсы көретін әрбір ару үшін маңызды шешім.
Түстер мен стильдер
Пастель түстері: Пастель реңктері (сары, көк, жасыл, қызғылт) көктемде әлі де танымал. Бұл түстер нәзік әрі жұмсақ көрінеді, күннің жылуын сездіреді. Сондықтан, жылы түстер көктемнің бір бөлшегі іспеттес. Сәнді пастель түстері әр қызға ерекше жараса алады, оларды дұрыс сәйкестіріп кию үшін, мына кеңестерді ұмытпағаныңыз жөн.
Пастель түстерін қара түспен қоспаған жөн.
Пастель түстерінің бірнеше түрін бірге киіп көріңіз. Немесе бір түстің бірнеше реңкін бірге киіңіз.
Ашық түсті киім көбінесе қара торы қыздарға өте жарасады. Ал егер сіз ақшыл болсаңыз, пастель түстерінің біреуімен шектелген жөн.
Жұмсақ лаванда мен ақ түстердің үйлесімі ерекше трендте.
Табиғи, табиғатпен үндес түстер: Жасылдың барлық реңктері, әсіресе көк-жасыл мен қоңыр.
Табиғатқа жақын болу үшін, жердің түстері мен гүлдерден алынған әсерлермен киімдер сәнді көрінеді.
Жарқын түстер мен графикалық өрнектер сәнде. Геометриялық немесе флоральды графикалық өрнектері бар киім сізді айрықша етіп көрсетеді. Сарғыш және қызыл түстердің жарқыраған реңктері стильді әрі көңілді.
Мини және макси көйлектердің қайсысын таңдайсыз?
Көктемде макси көйлектер өте трендте. Ұзын әрі жеңіл көйлектер табиғи маталардан (штапель, шифон) тігіледі.
Сонымен қатар мини көйлектер мен миди көйлектер де танымал, көбінесе гүлді немесе таза түсті болып келеді. Бұл әсіресе жас қыздарға көбірек жарасады.
Шифон мен табиғи талшық, мақта маталардан тігілген киімдер сәннен түскен жоқ. Жеңіл, ауа өткізетін маталар- шифон, мақта, лен, батист көктемде сәнде. Бұл маталар денені жақсы тыныс алдыртады, жылы ауа-райына өте ыңғайлы.
Қисық кесілген немесе асимметриялық стильдер
Үстіңгі бөліктерде асимметриялық дизайндар (мысалы, бір белдікті немесе артқы бөлігі ұзынырақ көйлектер).
Төменгі киімдер, белдемшелер мен шалбарлар
Жоғары белді шалбарлар мен жеңіл джинсылар көктемде өте трендте. Жаңа стильдер – кең шалбарлар мен палаццо шалбарлары.
Қысқа белдемшелер көктемде өте сәнді, әсіресе оларда жасалған флоральды немесе абстрактілі өрнектер ерекше көрінеді.

фото: marieclaire.com
Сырт киімдер мен күртеше
Шолақ күртеше: Бомберлер мен былғарыдан жасалған қысқа күртешелер көктемде стильді әрі жылы болады. Жеңіл джинс курткалар және көйлектермен үйлескен кеудеше стильдері.
Кардиган мен пончо
Ұзын кардиган немесе пончо көктемде өте танымал. Бұл киімдер жеңіл әрі ыңғайлы.
Кеудеше (жилет) және жейделер:
Төменгі бөлім мен жоғары бөлікті үйлестіріп кию трендте. Жеңіл жейделер мен топтар ерекше стиль береді.
Аяқ киімдер
Аяқ киімнің хаки немесе мак түстері ерекше сәнді. Биік өкшелі аяқ киімдер мен жалпақ табанды сандалдар, сонымен қатар, спорттық стильдегі аяқ киімдер көктемде жаңадан сәнге айналады.
Мақта мен теріден жасалған аяқкиімдер:
Аяқ киімдер көбінесе табиғи маталардан жасалады, әрі жеңіл әрі ауа өткізетін болады.
Аксессуарлар
Жібек шарфтар мен шашақты үлкен орамалдар киімге қосымша нәзіктік қосады. Орамалдағы гүлдер мен табиғи өрнектер - көктемнің әсерін одан әрі ұлғайту үшін.
Көзілдіріктер
Үлкен көзілдіріктер мен металл жақтаулы көзілдіріктер сәнде. Гүлдер мен жапырақтар бейнесіндегі сәнді білезіктер мен сақина және басқа да аксессуарлар көктемнің «хош иісін әкеледі».
Трендтегі сыртқы киімдер
Жеңіл пальто мен тренч немесе жұқа парка күртеше. Бұлар стильді түрде жеңілдетіліп, көктемгі ауа райына үйлесімді жасалады.
Костюм-шалбар
Шалбар мен костюм кез келген гардеробтың ажырамас бөлігі. Бұл тіпті кеңсеге ғана емес, түрлі көңілді кештерге де арнайы киюге жарайды. Бұның өзектілігін жіберіп алмау үшін қандай костюм сатып алу керек? Бүгінгі таңда көптеген әртүрлі силуэттер сәнде. Оверсайз немесе денеге жабысып тұратын, тіпті O-пішініне дейін, бір нәрсеге тоқталу өте қиын. Бұл тұрғыда 2026 жылдың көктем-жаз маусымының сәнді костюмдерінің ішінде массивпен тіке кесілген блейзерден жасалған босаңсыған үлкен дуэт көбірек сәнге енуде.
Экостиль
Жақында экологиялық таза киімдер мен аксессуарлар сұранысқа ие болды. Сонымен қатар, минимализмді ұстанатындар саны артты. Қарапайым және функционалды киімдер көктемнің сәнінде. Табиғи реңктер мен жеңіл, жайлы киімдер ешқашан сәннен қалмаған. Әрине, бұл жылы мезгілдің ойнақы және сергек болуына сәйкес келеді. Көктемгі киімдерде таңғажайып стильдер мен түрлі түстерді араластырып көріңіз.
Батыл болсаңыз, өзгеріштерден, ерекше болып көрінуден қорықпасаңыз, сән әлемінде өз жолыңызды сала аласыз.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
Беттегі қара нүктені кетіруге БАЛ көмектеседі
Жасөспірімдік шақтағы безеуді қалай кетіруге болады?


