Сондықтан бал үйіңізде міндетті түрде тұруы керек.
фото: liveinternet.ru
Балдың пайдасы ұшан-теңіз. Оны тек пайдалы ас түрінде ғана емес, сұлулықты сақтаушы ретінде де қолдануға болады. Сондықтан бал үйіңізде міндетті түрде тұруы керек.
Әсіресе, беттегі қара нүктелерден құтылғыңыз келсе, үй жағдайында балдан маска жасап көріңіз.
Беттегі қара нүктені кетіретін бал маскалары
Ол үшін 5 шай қасық балға 1 шай қасық ас тұзын салып, жақсылап араластырамыз. Қоймалжың қоспаны тазартылған бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы сумен мұқият жуыңыз. Бұндай процедураны аптасына екі рет жасасаңыз жеткілікті.
Сондай-ақ, 1 шай қасық ас содасын кішкене суға қосып ерітіп, 1 ас қасық бал қосамыз. Осы масканы бетіңізге жағып, 10 минут күтіңіз. Содан соң жылы сумен жуасыз. Бұл маска бетті қара нүктеден, артық заттардан тазартады.

фото: vk.com
Беттің ажарын ашатын бал маскалары
Дәріханадан түймедақ (ромашка) сатып алып, екі шай қасық түймедаққа қайнаған су құясыз. Оған екі шай қасық бал қосып, қоспаны дайындаңыз. Одан кейін дәкені бетіңізге өлшеп, екі көздің тұсын ойып, сол дәкені қоспаға батырып, одан соң бетіңізге қоясыз.
Қоспа сіңген дәкені бетіңізде 20 минут ұстап, одан кейін бетті жуып тастайсыз.
Сондай-ақ, мандариннің шырыны да бетіңіздің жарқырауына үлес қоса алады. Ол үшін бір жана мандариннің шырынын сығып алып, оған бір ас қасық бал қосасыз. Қоспаны бетке жағып, 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуасыз.
2 ас қасық балды 1 ас қасық лимон шырынымен араластырып, бетіңізге жағыңыз. 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
Құрғақ бетке арналған бал маскалары
Жарты бананды езіп, жұмыртқаның сарыуызы мен жарты ас қасық қаймақты, жарты ас қасық балды араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып қойыңыз. 15 минут өткеннен соң жылы сумен жуу керек.
Жұмыртқаның сарыуызына 1 шай қасық бал мен бірнеше тамшы жожоба майын тамызып, маска дайындаңыз. Осы қоспаны бетке жағып, 20 минуттан кейін жуып тастаңыз.
Бал мен сүттің қосындысын Клеопатра патшайым үнемі қолданған деген аңызды естіген боларсыздар? Бал мен сүттің қосындысы бетті нәрлендіріп, қоректендіреді, теріні жасартып, қанайналым жүйесін жақсартады. Бастысы балға қарсы аллергияңыз болмауы керек.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:


