Өз қалпыңыздан едәуір жас көрінуді қаласаңыз, пайдаңызға жарайды.
Суреттер: ғаламтордағы ашық дереккөзден
Жүзіңізден нұр төгіліп, ажарыңыз арайланып тұрса, бет әлпетіңізде еш бір кемшілік жоқ деген сөз. Асылында, көп қыз-келіншектердің беттегі қандай да бір кемшілікті бояумен жасырғанымен, ішкі түйсігіндегі қорқыныштан арыла алмайды. Бет тазарту үшін арнайы бағасы шарықтап тұрған процедураларсыз, келбетіңізді жасарта түсетін маскаларды ұсынамыз. Ең бастысы - қажетті заттары кез-келген ас үйден табылатын қолжетімді әрі зиянсыз.
ЖҰМЫРТҚАМЕН маска
1 жұмыртқаны ақуызын сарыуызын бөлек ажыратып, біркелкі етіп қозғап аласыз. Қағаз сүлгіні (салфетка) кішкентай бөліктерін жұмыртқаның ақуызына батырып, бетіңізге жабыстыра бастайсыз.
Ескерту: бетіңізді міндетті түрде таза болу керек!
Толық құрғағанша күтесіз. Құрғаған масканы бетіңізден алып тастаңыз. Соңынан бетті тазалап сүртіп немесе жуып, жұмыртқаның қалған сарыуызын бетіңізге жұқа етіп жағасыз. 20 минут басқа істеріңізбен айналыса тұруға уақытыңыз бар. Содан соң бетіңізді салқын сумен жуып тастаңыз. Бұл ақуыздан соң тартылған теріні жұмсартып қалыпқа келтіреді.
Масканы жетісіне 1 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті.
Әжімді кетіретін маска
Бұл масканың әжімдердің тегістелуіне аса көп көмегі бар. Сонымен бірге босанғаннан кейін қалып қоятын дақты да жоюға септігін тигізеді.
Жасалу жолы:
- күрішті кез келген тағамға қосардан алдын үстіне су құйып (тазартылған салқын су) жақсылап жуып, суын бөлек ыдысқа құйып аламыз;
- сол сумен бетіңізді жусаңыз болады немесе арнайы жаққышпен көбірек етіп жағып алыңыз;
- 20-30 минуттан соң таза сумен шайып тастаңыз.Аптасына 2-3 рет жасасаңыз, көп ұзамай нәтижесін байқайтын боласыз.
АҚЖЕЛКЕН (петрушка) маскасы
Көк-сөктің адам ағзасына тигізер пайдасы орасан. Ал, олармен бетке маска жасаса көмегі тіпті, керемет. Ақжелкенді майдалап езіп немесе турап, лимон шырынынан аз ғана тамызып арнайы тазартылған бетке жағып коясыз. 20 минуттан соң жуып тастаңыз. Аптасына 3-4 рет жасасаңыз артық етпейді.
Сондай-ақ, ақжелкенді ұсақ етіп турап, жарты кесе таза суға бір қайнатып алыңыз. Суыған дайын қоспаны арнайы ұсақ қалыптарға салып, мұздатқышқа қойыңыз. Мұз қалпындағы кішкентай бөлшекті бетіңізге күн сайын жағып отыруды әдетке айналдырыңыз.
Бетіңіз ағарып, кз айналасын торлай бастаған ұсақ әжімдерден біржолата құтылғаныңызды байқайсыз.
Бет күтімі десе көпшілік қыз-келіншектер алып-ұшып тұрады. Алайда, бастаған істі аяқсыз қалдырып жатады. Бізден сізге тағы бір кеңес болсын: бетіңізге қандай да бір күтім жасамастан бұрын оны тазартып алу қажет. Сонымен бірге, әр маскадан кейін ылғалдандырғыш крем пайдаланғаныңыз жөн. Жасаған қоспаларыңызды біріншісінен-ақ нәтиже күтпей, ұзағырақ жасауға тырысыңыз. Бет терісінің жасарып, келбетіңіздің өзгергені көп күттірмейді.