Шаштың түсуін сыра тоқтатады

0
5 749

Сырамен шаш өсіруге болатынына сенесіз бе?


Шаштың түсуін сыра тоқтатады

Суреттер: ғаламтордағы ашық дреккөзден

Сыра адам ағзасына зиянды екені белгілі. Алайда, бұл сыраның пайдалы тұстары да бар көрінеді. Шашыңыздың қайраттылығы жоғалып, сирей бастаса сізге сыра көмекке келеді. Әрине, атынан адам адасар түрлері бар, ал ішіндегі қоспалары әр қилы. Құрамында консерванты жоқ түрін таңдағаныңыз абзал. Ол жағы өз құзырыңызда.

Бізбен бірге сырадан жасалған масканы жасауға дайынсыз ба? Ендеше, кеттік.


Алдымен, шашыңыздың құрғақтығына көз жеткізіңіз. Сыраны бөлме температурасына дейін жылытып алыңыз. Негізінен, 40 С градусқа дейін жылытсаңыз болады. Ең алдымен шаштың түбіріне толық тиетіндей етіп, қолыңызбен ысқылай отырып жағыңыз. Целлофан орап 15 минут күтіңіз.

Белгіленген уақыт өткізіп шашыңыздың қалған бөлігіне көбірек мөлшерде жағып қайта қымтаңыз. Дәл осы қалпыңызда 1 сағат уақыт күтесіз. Ал, ол уақытта біршама шаруаларыңызды аяқтап та үлгересіз.

Содан соң сусабынмен жуып тастаңыз. Бұл аталған маска барысында бальзам қолданбауды ұсынамыз. Жетісіне 1 рет жасасаңыз жеткілікті нәтиже байқайтын боласыз.


Шашыңыздың аз уақытта ұзын болып өскенін қаласаңыз...

"Иықтан шашы, төгіліп жерге" деп қазақ қызының бейнесін көрсетіп тұратын шаш екендігін әнге арқау еткен. Осыдан-ақ білуге болады ұзын шаш қыздың көркін ашып қана қоймай, ибалығы мен тәрбиесін көрсетіп тұратынын. Алайда, шашыңыз өсуін тоқтатып, керісінше сирей бастаса келесі маска көмектесері сөзсіз.

Қажетті заттар: сыра - 100 г, 1 жұмыртқа, 1 шәй қасық бал және 1 банан.

Барлығын блэндердың көмегімен езіп, біркелкі масса шығарасыз. Шаштың түбінен бастап, ұшына дейін түгел жағып шығасыз. Шашты жақсылап қымтап, 20 минуттан соң сусабынмен жуып тастаңыз. Аптасына 2 рет жасап тұрсаңыз, нәтижесін байқайсыз.

Ескеретін жайттарға назар салыңыз! Егер сіздің шашыңыздың түсі ақшыл болса, сізге қара-күлгін түсті сыраларды қолданбауды ұсынады мамандар. Себебі, құрамындағы азын-аулақ бояулар шашыңыздың реңін құртады.